ҚАҚТЫҒЫСТАРДАҒЫ ҚОЛДАУ: ҚАРИУ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН ТРЕНИНГ

Қарағанды индустриялық университетінде «Қақтығыс жағдайында студентті қалай қолдау керек?» тақырыбында тренинг өтті.

Тренинг барысында келесі өзекті мәселелер талқыланды:

— университет ортасындағы қақтығыстың мәні;

— қақтығыстың пайда болу себептері;

— студенттің басқа студентті қалай қолдай алатыны;

— дұрыс тыңдау, сабыр сақтау және эмоцияны фактілерден ажырату тәсілдері;

— қақтығыс туындаған жағдайда қайда жүгіну керектігі.

Практикалық жаттығулар мен кейстер ұсынылып, психолог қызметі мен омбудсменнің жетекшілігімен студенттер қақтығыстан шығу жолдарын, қолдау көрсетуді және жағдайды конструктивті шешуге көмектесу тәсілдерін қарастырды.