11 ақпанда Қарағанды индустриялық университетінде «Жаңа Конституция жобасы: адами капитал — мемлекеттің негізі» тақырыбында диалог алаңы өтті.
Кездесудің спикері «Қазақстан тарихы және жалпы білім
беру пәндері» кафедрасының оқытушысы Абил-Сайд Тилеубаев болды. Өз сөзінде ол
жоба ережелерінің негізгі қағидаларын жан-жақты ашып көрсетіп, заманауи
мемлекеттің дамуының стратегиялық ресурсы ретіндегі адами капиталдың рөліне
ерекше назар аударды.
Диалог форматындағы шара қатысушыларға негізгі
бастамалар мен тұжырымдамалық тәсілдермен танысуға ғана емес, сондай-ақ өздерін
қызықтырған сұрақтарды қоюға, конституциялық өзгерістердің өзекті аспектілерін
талқылауға және жеке пікірлерін білдіруге мүмкіндік берді.
Іс-шара белсенді талқылау мен жоғары қызығушылық атмосферасында өтіп, пікір алмасу және азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін ашық алаңдардың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.

