Президент Қасым-Жомарт
Тоқаев Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты 2026
жылғы 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Тиісті өкімді
Ақорда жариялады.
Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте
Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауында Әскери-теңіз күштерінің
оқу-жаттығуы барысында орын алды.
Қорғаныс министрлігінің
алдын ала мәліметінше, оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райы күрт
нашарлап, жел күшейген, содан кейін әскери қызметшілер тобы теңізге ағып
кеткен.
Соңғы мәліметтер бойынша
қаза тапқан 12 әскери қызметшінің жеке басы анықталды. Тағы екі әскери қызметші
хабар-ошарсыз кеткендер қатарында, біреуі Маңғыстау облыстық ауруханасында ауыр
жағдайда жатыр.
Фотогалерея
Бөлісу: