27-28 сәуір аралығында Қ.И.
Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде Қазақстан
Республикасының жоғары оқу орындарында «Металлургия» бағыты бойынша білім алатын
студенттер арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Олимпиада «Жалпы металлургия»,
«Металлургиялық процестер теориясы» және «Металлургиялық өндіріс технологиясы»
пәндері бойынша өткізілді. Оған еліміздің металлургиялық бағыттағы білім беру
бағдарламаларында оқитын сегіз жоғары оқу орнының үздік студенттері қатысты.
Қарағанды индустриялық
университетінен «Қара металдар металлургиясы» мен «Түсті металдар
металлургиясы» білім беру бағдарламаларының студенттері: Танатаров Мейримжан
Ускеменулы, Асилбеков Нурдаулет Абдусерик Угли және Бердібек Нұржан қатысты.
Команда жетекшісі - «Металлургия және материалтану» кафедрасының доценті,
философия докторы (PhD) Қуатбай Ербол Қуатбайұлы.
Олимпиада қорытындысы бойынша
университетіміздің студенті Асилбеков Нурдаулет Абдусерик Угли жүлделі 3-орынға
ие болып, дипломмен марапатталды. Жалпы командалық есепте Қарағанды
индустриялық университеті 3-орынға ие болды.
Photo Gallery