ТАЗА КАМПУС – ҚАЛДЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ

14 қазанда Қарағанды индустриялық университетінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында қоқыс жинау акциясы өтті.
ҚарИУ студенттері кампус аумағын ретке келтіру үшін бірікті. Қатысушылар қоқыс жинап, қоғамдық орындарды тазалап, жайлы әрі экологиялық таза орта қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Тазалық қарапайым әрекеттер мен әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады. Бүгін тәртіп пен тазалықты сақтай отырып, біз экологиялық таза болашақтың негізін қалаймыз!