24 ақпанда Қарағанды индустриялық университетінде «Таза кампус — қалдықсыз болашақ» экологиялық акциясы өтті. Студенттер кампус аумағындағы пластикалық бөтелкелер мен өзге де қалдықтарды жинау үшін бірігіп, университеттің тазалығы мен экологиясына жанашырлық танытты.
Акцияның әрбір қатысушысына тәртіпті сақтауға қосқан үлесі мен қатысқаны үшін
алғыс белгісі ретінде естелік сыйлық табысталды. Іс-шара Экосағатпен
қорытындыланып, онда студенттер мен оқытушылар өңірдің өзекті экологиялық
мәселелерін талқылады. Диалогқа Теміртау қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық
инспектор Узақбаев Сабит Жұмабаевич, сондай-ақ Теміртау қаласы ТЖБ МӨҚҚ
офицері, майор Нұрғалиев Еркебұлан Тлеуғабылович және Теміртау қаласы ТЖБ
инженері, лейтенант Нығметжанов Ержан Аязбайұлы қатысты. Олар «Тұрақты әрі
қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару» тақырыбында дәріс
өткізіп, студенттерге қалдықтарды бөлек жинаудың заманауи тәсілдері,
экологиялық тәуекелдердің алдын алу және қоршаған ортаны сақтаудағы әрбір
адамның рөлі туралы айтып берді.
Кездесу барысында студенттер сұрақтар қойып, өз идеяларымен бөлісіп,
университет аумағында экологиялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін
талқылады. Акция тіпті шағын бастамалардың өзі адамдарды біріктіріп,
экологиялық мәдениетті арттырып, кампусты баршаға таза, қауіпсіз әрі жайлы ете
алатынын көрсетті.
Photo Gallery