ҚарИУ-дың Digital Voltage
командасы ТИИ және «Энергетика» кафедраларының студенттері Дмитрий Шмидт,
Руслан Мухаметгалиев, Андрей Павлов, Вячеслав Носов және Айдар Утеев құрамында,
PhD, доцент Валерий Дружинин мен ТИИ кафедрасының меңгерушісі Чванова А.О. жетекшілігімен
2026 жылғы 2 сәуірде Тюмень индустриялық университетінде өткен «Энергетикадағы
цифрлық егіздер» салалық хакатонына қатысты.
Қатысушыларға бұрғылау
қондырғыларын сенімді электрмен қамтамасыз етуге арналған цифрлық шешімдер
әзірлеу тапсырылды.
ҚарИУ командасы жүйе
жұмысының моделін жасау, жабдықтарды автоматтандырылған түрде іріктеу және
нәтижелерді визуализациялау мүмкіндіктерін қамтитын энергокешеннің цифрлық
егізі жобасын ұсынды.
Хакатон қорытындысы бойынша
Digital Voltage командасы үздік 5 команда қатарына енді, сондай-ақ «Түпнұсқалық
және терең пысықтау» номинациясымен марапатталды.
Фотогалерея