ПИ-23к2 тобының студенті Тургымбаева Жасмина Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған «Nauryz Aruy – 2026» қалалық байқауында Қарағанды индустриялық университетінің намысын абыроймен қорғады.
Байқау қорытындысы бойынша Жасмина көрермендерді тек сұлулығы мен нәзіктігімен ғана емес, жарқын әрі есте қаларлық шығармашылық өнерімен тәнті етіп, құрметті II орынға ие болды.
Жасминаны осы лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жетістіктер, шабыт және бұдан да биік белестер тілейміз! 🌸
Фотогалерея
Бөлісу: