🌿КАРИУ-ДІҢ ЭКО-БАСТАМАЛАРЫ: БОЛАШАҚТЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ! 🌍💚

17 қарашада Қарағанды индустриялық университетінде «Эко-бастамалар: КарИУ ПОҚ-ы мен қызметкерлері арасында тұрақты тәжірибелер мен жасыл энергетиканы енгізу мәселелерін талқылау» тақырыбында іс-шара өтті.
Кездесуді «Энергетика» кафедрасы Erasmus+ халықаралық бағдарламасы жобасы және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қатысушылар климаттың өзгеруі, декарбонизация, жасыл энергетиканы дамыту және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелерін талқылады.
Кездесудің басты идеясы: ауқымды экологиялық өзгерістер әрқайсымыздың күнделікті жасайтын шағын әрекеттерімізден басталады!
Бірге экологиялық жауапты қоғам қалыптастырып, тұрақты болашақ жасаймыз!