Қазақстан Республикасының IQAA-RANKING – 2026 ұлттық рейтингісінің қорытындысы бойынша Қарағанды индустриялық университеті индустриялық білім беру, ғылым және инновациялар көрсеткіштері бойынша өз позициясын жақсартып, 5-орынға көтерілді. Салыстыру үшін айта кетсек, 2025 жылы университет 6-орында болған.
Бұл нәтиже университеттің сенімді түрде алға жылжып келе жатқанын дәлелдейді. Рейтингтегі өсім индустриялық білім беруді, ғылыми зерттеулерді, инновациялық қызметті және халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жұмыстың тиімділігін көрсетеді.
Әрбір жетістіктің артында ұжымның күнделікті еңбегі, білім алушыларымыздың қолдауы және серіктестеріміздің сенімі тұр. Университеттің дамуына өз үлесін қосып жүрген әрбір жанға алғысымызды білдіреміз!
Қол жеткізген бұл нәтиже бізді жаңа мақсаттарға ұмтылуға, одан әрі жетілуге және Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындары арасындағы өз позициямызды нығайтуға жігерлендіреді.
#КарИУ #KarIU #IQAARanking2026 #Ғылым #Инновациялар
Photo Gallery