ЗАҢНЫҢ ШЕКАРАСЫ ҚАЙ ЖЕРДЕ

8 қазанда Қарағанды индустриялық университетінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Адалдықтың конституциялық қағидаттары: жастардың құқықтық мәдениеті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапкершілігі» атты кездесу өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының қолдауымен ұйымдастырылды.

Студенттер алдында «Жасыл ел» ЖЕЖ жетекшісі, «Әділет» партиясының мүшесі Мирас Яуда және «Әділет» партиясы Теміртау қалалық филиалының жетекшісі Алтынбек Есмурзаев сөз сөйледі. Спикерлер заңды сақтау, жеке жауапкершілік және жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөлі туралы айтты.

Кездесудің практикалық бөлімі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кейс-баттл: заң шекарасы қай жерде?» тақырыбында өтті. Оған КарИУ комплаенс қызметінің жетекшісі Самал Ибрагимова қатысты. Студенттер нақты жағдайларды талдап, мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауды үйренді.

КарИУ омбудсмені Гүлдана Дайырбекова студенттердің құқықтарын қорғау және даулы жағдайларда көмек алу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Кездесу ашық диалог форматында өтті: қатысушылар сұрақтар қойып, мысалдарды талқылап, заңды шешімдерді бірге іздеді.