ТФП-23к2 тобының студенті Рахмет Бекнұр Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған «Jigit sultany – 2026» қалалық байқауында Қарағанды индустриялық университетінің намысын лайықты қорғады.
Байқау қорытындысы бойынша Бекнұр ІІ орынды иеленіп, өзіне деген сенімділігімен, қайсар мінезімен, харизмасымен және жарқын шығармашылық қабілетімен қазылар алқасы мен көрермендердің жоғары бағасына ие болды.
Бекнұрды лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа жетістіктер және биік белестерді бағындыруына тілектеспіз! 💪✨
Photo Gallery
Share: