Қарағанды индустриялық университетінің студенті
Батыршаева Аружан (ТФП-24-5к тобы) Ташкент қаласында өткен халықаралық дойбыдан
Азия чемпионатында оқу орнын лайықты деңгейде таныстырды.
Жоғары шеберлігін, стратегиялық ойлау қабілетін және
сенімді ойынын көрсеткен Аружан құрметті 3-орынды иеленіп, құрлықтың үздік
ойыншыларының қатарына енді.
🥉 Айрықша атап өтетін жайт, Аружан — қыздар арасында (G-22
санаты) «классика» номинациясы бойынша дойбы-64-тен Азия чемпионатының қола
жүлдегері.
Бұл маңызды жетістік — табанды еңбектің, қайсарлықтың
және жеңіске деген ұмтылыстың нәтижесі.
👏 Аружанды жарқын жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз! Біз сізбен мақтанамыз! 💫
Photo Gallery