КАРИУ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ!

Қарағанды индустриялық университетінің тағы 79 студенті мемлекеттік білім беру гранттары бойынша білім алу мүмкіндігіне ие болады. Конкурс қорытындысы бойынша оларға 14 бос және 65 қосымша грант тағайындалды.

Бос гранттарды бөлу кезінде 2025–2026 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының нәтижелері ескерілді.

Студенттерді құттықтаймыз! Бұл мүмкіндік жақсы оқуға, дамуға және өз мақсаттарына сенімді түрде жетуге қосымша ынталандыру болсын.

Гранттар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 23-тармағына, сондай-ақ 2026 жылғы 2 қазандағы № 474 бұйрыққа сәйкес берілді.