Шетелдік профессор ҚарИУ студенттеріне дәріс оқуда

2026 жылғы 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында Қарағанды индустриялық университетінде шақырылған шетелдік профессор, Малайзияның Тун Хуссейн Онн университетінің (Universiti Tun Hussein Onn Malaysia) профессоры Yusri Yusof, PhD «Цифрлық өндіріс негіздері» тақырыбында дәріс сабақтарын өткізуде.

Дәрістерге университеттің барлық техникалық білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттері қатысуда.

Курс аясында өндірістік процестерді цифрландырудың заманауи тәсілдері, интеллектуалды технологияларды енгізу, автоматтандыру және өнеркәсіпте цифрлық шешімдерді қолдану мәселелері қарастырылады.

Шетелдік профессордың қатысуымен өткізілетін сабақтар студенттердің кәсіби білімін кеңейтуге, халықаралық тәжірибемен және цифрлық өндірісті дамытудың заманауи үрдістерімен танысуына ықпал етеді.