26 тамызда Қарағанды индустриялық
университетінде кадрлық өзгерістер болды.
Министрдің бұйрығымен академиялық
мәселелер жөніндегі проректор лауазымына Сәуле Серікбайқызы Айнабекова
тағайындалды.
Сәуле Серікбайқызын жаңа қызметке тағайындалуымен
құттықтаймыз! Табысты әрі жемісті еңбек, жоспарларының жүзеге асуын, кәсіби
жетістіктер, әріптестерінің қолдауы мен ҚарИУ-дың
білім
беру үдерісін дамытуда жаңа нәтижелер тілейміз. Тәжірибесі, білімі мен
күш-жігері алға қойылған міндеттерді сенімді шешуге және келешегі зор
бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берсін!
Фотогалерея
Бөлісу: