2026 жылғы 23 және 25 маусымда «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының аға оқытушысы Ж.И. Титова мен шебер Н.А. Полубоярцев Теміртау қаласының Жастар үйінде цифрлық сауаттылық пен заманауи технологияларды қауіпсіз пайдалануға арналған екі оқыту тренингін өткізді.
Тренингтер аясында «Жасанды интеллекттің заманауи технологиялары және цифрлық қауіпсіздік» және «Интернет тұзақтары. Интернеттегі алаяқтық» тақырыптары қарастырылды. Қатысушылар жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен танысып, цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету қағидаларын меңгерді, сондай-ақ жеке деректерді қорғау және интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдеріне қарсы іс-қимыл бойынша практикалық ұсынымдар алды.
Іс-шараларда цифрлық инклюзия мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тренингтерге Теміртау қалалық мүгедектер қоғамының өкілдері қатысып, бұл цифрлық технологияларды әртүрлі санаттағы пайдаланушылардың қажеттіліктерін ескере отырып қауіпсіз қолдану мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.
Іс-шаралар Орталық Азияның Еуразия қоры (EFCA), «Қарағанды облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі және «Omirlik Maqsat» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
Фотогалерея