13 қазанда Астанада
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Бельгия Королі Филипптің және
Королева Матильданың қатысуымен Қазақстан-Бельгия ректорлар форумы өтті. Ол екі
елдің жасанды интеллект, жоғары білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығына
арналды.
Кездесуге бейінді
министрліктердің, Қазақстанның 18 және Бельгияның 11 жоғары оқу орны мен ғылыми
ұйымының өкілдері қатысты. Форум қорытындысы бойынша 23 келісімге қол қойылды.
Рәсімге қатысқан Қазақстанның 10 жоғары оқу орнының қатарына Қарағанды индустриялық
университеті кірді.
КарИУ мен Тұрақты металдар
мен минералдар институты (SIM²) атынан ұсынылған KU Leuven бес жыл мерзімге
меморандум жасасты. Келісім студенттер мен зерттеушілер алмасуды,
тағылымдамадан өтуді, бірлескен сабақтар мен ғылыми жобаларды, сондай-ақ
гранттарға өтінімдер дайындауды көздейді. Алдағы уақытта тараптар бірлескен
білім беру бағдарламаларын, соның ішінде қос диплом бағдарламаларын іске қосу
мүмкіндігін қарастыруды жоспарлап отыр.
ҚР Ұлттық инженерлік
академиясының Қарағанды филиалында бұл ынтымақтастық өңір кәсіпорындарының
практикалық міндеттерін шешу үшін халықаралық тәжірибені қолдануға
көмектесетінін атап өтеді. Сонымен қатар, ол инженерлерді даярлау және заманауи
технологияларды енгізу үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды.
Фотогалерея