ҚАРИУ ТҰРАҚТЫ ДАМУ БОЙЫНША ДИАЛОГТА

10 сәуір күні Астана қаласында Экономикалық зерттеулер институты базасында БҰҰ-ның Елдік командасының қолдауымен «Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы жоғары оқу орындарының үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шара университеттердің ТДМ-ға қол жеткізудегі рөлін жүйелі түрде талқылауға және тұрақты даму қағидаттарын жоғары білім беру жүйесіне енгізудің келісілген тәсілдерін қалыптастыруға арналған алаңға айналды. Іс-шараға Қазақстанның 89 жоғары оқу орнынан 114 қатысушы қатысты. Қарағанды индустриялық университетін дөңгелек үстел жұмысына ғылым және инновациялар департаментінің директоры Кунаев Вячеслав Александрович таныстырды.

Дөңгелек үстел үш кезеңде өтті: ресми ашылу, панельдік сессиялар жұмысы және интерактивті воркшоп.

Пленарлық бөлімнен кейін өткен топтардағы интерактивті талқылау барысында жұмыс келесі тақырыптық бағыттар бойынша жүргізілді: университеттерді басқару жүйесіне ТДМ қағидаттарын енгізу; университеттердің тұрақты даму дағдыларын қалыптастырудағы қозғаушы күш ретіндегі рөлі; университеттердің ғылыми зерттеулері тұрақты трансформацияны қамтамасыз етудің факторы ретінде; ТДМ-ды іске асыруда студенттердің көшбасшы рөлін күшейту; гендерлік-инклюзивті университеттік ортаны қалыптастыру; жоғары оқу орындары мен мүдделі тараптар арасындағы серіктестікті нығайту; университеттердің адами капиталын дамыту.

Талқылау қорытындылары әрбір тақырыптық блок бойынша қорытынды презентацияда ұсынылып, іс-шара модераторы тарапынан жинақталды. Дөңгелек үстел жұмысының нәтижесінде қатысушылар Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне тұрақты даму қағидаттарын сапалы енгізуге ықпал ететін тәжірибеге бағдарланған ұсынымдар әзірледі.