9 сәуірде Қарағанды
индустриялық университетінің базасында 5–11 сынып оқушылары арасында
республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жүлдегерлеріне грамоталар мен
сертификаттарды табыстаудың салтанатты рәсімі өтті. Іс-шара жоғары деңгейдегі
білімдері мен академиялық жетістіктерге ұмтылысын көрсеткен дарынды мектеп
оқушыларын біріктірді.
11-сынып оқушыларына ерекше
назар аударылды: жеңімпаздар Қарағанды индустриялық университетінде оқуға 50%
жеңілдік сертификаттарына ие болды. Сертификат иегерлері:
— Серікжан Нұрберген (КММ
«Ғабиден Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектеп»);
— Орлов Дмитрий Сергеевич
(№1 гимназия);
— Бахарев Данил Сергеевич
(КММ «14 МЛ»);
— Бердоев Роман Дмитриевич
(№1 гимназия);
— Тымчишина Алена Денисовна
(БТКЛ);
— Ерманова Айжана
Қадирхановна (№14 мектеп-лицей);
— Коржук Алена Викторовна
(Т. Әубәкіров атындағы гимназия).
Фотогалерея