ҚАРИУ ДАРЫНДЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ҚОЛДАДЫ

9 сәуірде Қарағанды индустриялық университетінің базасында 5–11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жүлдегерлеріне грамоталар мен сертификаттарды табыстаудың салтанатты рәсімі өтті. Іс-шара жоғары деңгейдегі білімдері мен академиялық жетістіктерге ұмтылысын көрсеткен дарынды мектеп оқушыларын біріктірді.

 

11-сынып оқушыларына ерекше назар аударылды: жеңімпаздар Қарағанды индустриялық университетінде оқуға 50% жеңілдік сертификаттарына ие болды. Сертификат иегерлері:

— Серікжан Нұрберген (КММ «Ғабиден Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектеп»);

— Орлов Дмитрий Сергеевич (№1 гимназия);

— Бахарев Данил Сергеевич (КММ «14 МЛ»);

— Бердоев Роман Дмитриевич (№1 гимназия);

— Тымчишина Алена Денисовна (БТКЛ);

— Ерманова Айжана Қадирхановна (№14 мектеп-лицей);

— Коржук Алена Викторовна (Т. Әубәкіров атындағы гимназия).