2 қазанда КарИУ
ректоры Бахыт Жаутиков пен Стратегия және интернационалдандыру департаментінің
директоры Алтынарай Такибаева Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі
IAAR-дың 15 жылдығына арналған білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі X
Орталық Азия халықаралық форумына қатысты.
Форумның басты
тақырыбы жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар дәуірінде білім беру
сапасын арттыру болды. Талқылауға мемлекеттік органдардың, жоғары оқу
орындарының, халықаралық білім беру бірлестіктерінің және сарапшылар
қауымдастығының өкілдері қатысты.
Құрметті
қонақтардың қатарында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат
Ешенқұлов, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұлов,
IAAR Бақылау кеңесінің төрайымы Бірғаным Айтимова, Жоғары білім берудегі сапаны
қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың президенті Даниэла Кристина
Гитулика, Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының президенті Рикардо
Леон-Боркес, сондай-ақ Қытай, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь,
Грузия, Түркия және басқа да елдердің мамандары болды.
Панельдік
алаңдарда модераторлар қатысушылармен келесі тақырыптарды талқылады:
🔹 Латвия Республикасының жоғары білім сапасы жөніндегі AIC агенттігінің
директоры Иоланта Силка – жаһандық сын-қатерлер жағдайында білім беру сапасын арттыру;
🔹 INQAAHE Директорлар кеңесінің мүшесі, CHEA-CIQG мүшесі, IQA президенті,
ҚР ҒЖБМ Стратегиялық әріптестер халықаралық кеңесінің мүшесі, Любляна
университетінің аға ғылыми қызметкері (Словения Республикасы) Олгун Чичек –
жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану;
🔹 Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Азия-Тынық мұхиты желісінің
(APQN) президенті Галина Мотова – ЮНЕСКО жобасы аясында Орталық Азия елдерінің
бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру
Фотогалерея