2026 жылғы 30 қазанда ҚарИУ «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының меңгерушісі Чванова А.О. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде өткен «AI-native трансформация: технологиялар мен жаңа құзыреттер» республикалық ғылыми-әдістемелік семинарына қатысты.
Іс-шара барысында жоғары оқу орындарының, мемлекеттік органдардың және IT-индустрияның өкілдері білім беру бағдарламаларын жаңарту, жасанды интеллектіні енгізу және IT-мамандарының жаңа құзыреттерін қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Семинар аясында Қарағанды қаласындағы жоғары оқу орындарының AI-жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. ҚарИУ Цифрландыру және киберқауіпсіздік департаментінің директоры Чванов В.Е. және «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының 4-курс студенттері Нем В.Д. мен Одинцов М.Н. университет әзірлемелерін таныстырып, көрме қатысушылары мен қонақтарына олардың мүмкіндіктері мен практикалық қолданылуы туралы айтып берді.
Фотогалерея