Enbek Skills платформасы
КарИУ оқытушыларының тағы үш онлайн курсымен толықты. Оқу бағдарламалары
бағдарламалау, металлургия және жылу энергетикасы бағыттарын қамтиды.
«Python тілінде бағдарламалау негіздері» курсы бағдарламалаудың негізгі
ұғымдарымен таныстырып, практикалық тапсырмаларды шешу барысында алған білімді
бекітуге көмектеседі.
«Жасанды интеллект негізінде қолданбалы бағдарламалау, зерттеу және
оңтайландыру элементтері бар түсті металлургия цехтарын жобалау» курсы
модельдеу, деректерді талдау және технологиялық процестерді жетілдіру үшін
жасанды интеллектіні қолдануға арналған.
«Жылу электр станциялары» курсы қазандық агрегаттары мен жылу беру режимдерін
басқаруды, сынақтар жүргізуді және апаттық жағдайлар кезінде қауіпсіз әрекет
етуді үйретеді.
Онлайн курстар жаңа білімді қолайлы форматта меңгеруге және заманауи
өнеркәсіпте сұранысқа ие практикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.
Фотогалерея