2026 жылғы 16 маусымда Қарағанды индустриялық университетінде
«Университетке арналған заманауи ғылыми және оқу жабдықтары: шешімдерді
таныстыру және ынтымақтастық перспективалары» атты ақпараттық-презентациялық
сессия өтті.
Іс-шараға университет
басшылығы, декандар, кафедра меңгерушілері, қолданыстағы және перспективалы
ғылыми жобалардың жетекшілері, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер, сондай-ақ
ғылыми және оқу жабдықтарын жеткізуші «Martuk Brothers» ЖШС және «Corrtest Instruments»
компанияларының өкілдері қатысты.
Қатысушыларға құттықтау
сөзбен «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – академиялық
мәселелер жөніндегі проректор Галина Александровна Сивякова сөз сөйледі. Өз
баяндамасында ол университеттердің ғылыми инфрақұрылымын дамыту, адами
капиталды нығайту және ғылыми зерттеулердің практикалық тиімділігін арттырудың
маңыздылығын атап өтті. Ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелеріне
және білім беру үдерісі мен ғылыми зерттеулерге заманауи технологияларды енгізу
қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Сессия аясында «Martuk
Brothers» ЖШС-нің бас директоры Асхат Жұмабаев және компания қызметкерлері
ғылыми, зертханалық және оқу жабдықтары саласындағы заманауи шешімдерді
таныстырып, зерттеу орталықтары мен зертханаларды жабдықтауға арналған жаңа
технологиялық мүмкіндіктер туралы айтып берді, сондай-ақ қатысушылардың
сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара барысында Қытайдың
«Corrtest Instruments» компаниясының өкілі Yu Kuai мырза да баяндама жасады. Өз сөзінде ол қатысушыларды коррозиялық
процестерді зерттеуге, материалдардың қасиеттерін талдауға, электрохимиялық
жүйелерді зерделеуге және қорғаныш жабындарының тиімділігін бағалауға арналған
заманауи электрохимиялық аспаптармен және бағдарламалық-аппараттық кешендермен
таныстырды. Ұсынылған шешімдер металлургия, материалтану, энергетика және басқа
да салалар бойынша зерттеулер жүргізіп жатқан университеттің ғылыми ұжымдарының
қызығушылығын тудырды.
Кездесу барысында
зертханаларды заманауи жабдықтармен жарақтандыру, бірлескен ғылыми-техникалық
жобаларды әзірлеу, зерттеу инфрақұрылымын дамыту және халықаралық
ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Осындай іс-шараларды
өткізу университет, бизнес және ғылыми қауымдастық арасындағы өзара байланысты
нығайтуға ықпал етеді, сондай-ақ қолданбалы ғылымды дамытуға және Қазақстан
Республикасы өнеркәсібі үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға қосымша мүмкіндіктер
жасайды.
Фотогалерея