10 сәуір күні Пекин
қаласында Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі білім беру саласындағы ең ірі әрі
беделді іс-шаралардың бірі — 31-ші Қытай халықаралық білім беру көрмесі
(CIEET–2026) бастау алды. Осы ауқымды форум аясында Қазақстанның білім беру
әлеуетін Қарағанды индустриялық университеті лайықты түрде таныстыруда.
Басқарма төрағасы – ректор
Жаутиков Бахыт Ахатовичтің жетекшілігімен университет мамандар даярлаудың
жоғары деңгейін көрсетіп, білім беру қызметтерінің экспортын белсенді түрде
ілгерілетуде. Осындай халықаралық алаңдарға қатысу ынтымақтастықты дамытуға, академиялық
ұтқырлықты кеңейтуге және шетелдік студенттерді тартуға жаңа мүмкіндіктер
ашады.
«Ашықтық, серіктестік,
ортақ табыс» — университеттің даму стратегиясымен үндес негізгі бағдарлар.
Қарағанды индустриялық университеті бакалавриаттан докторантураға дейінгі
заманауи білім беру траекторияларын, оның ішінде ағылшын тіліндегі
бағдарламаларды ұсынып, сондай-ақ шетелдік студенттердің жайлы білім алуына
жағдай жасайды.
Көрме аясында талапкерлер
білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары туралы толық ақпарат алып, жеке
кеңес алу мүмкіндігіне ие.
Халықаралық форумдар мен
көрмелерге қатысу — бұл тек университет мүмкіндіктерін таныстыру ғана емес,
сонымен қатар серіктестік байланыстарды кеңейтуге, ғылымды дамытуға және
жаһандық білім беру кеңістігіне интеграциялануға бағытталған маңызды қадам.
Фотогалерея