«ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ: ӘДІЛДІК ЖӘНЕ АДАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – ПРЕЗИДЕНТ ЖҮЙЕЛІ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ, ҚАРИУ КОМПЛАЕНС-ОФИЦЕРІ ҚАТЫСУЫМЕН

Бүгін Қарағанды индустриялық университетінде республикалық «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Сандық бедел» атты интерактивтік іс-шара өтті. Іс-шараға киберполиция қызметкерлері және ҚарИУ комплаенс-офицері Ибрагимов С.С. қатысты.
Іс-шара барысында киберполиция өкілдері қатысушыларға сандық ортада қауіпсіздік сақтау, онлайн қызметке байланысты тәуекелдер және интернеттегі құқықтық нормаларды сақтау маңыздылығы туралы ақпарат берді. Арнайы назар жеке деректерді қорғау, жауапты сандық мінез-құлық қалыптастыру және желідегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне аударылды.
Іс-шараның екінші бөлігі студенттердің сандық беделіне арналды. Қатысушылар академиялық адалдықтың жеке және кәсіби имиджге қалай әсер ететінін талқылап, антиплагиат жүйелерін пайдаланып оқу жұмыстарын тексерудің практикалық аспектілерін қарастырды. Бұл бөлім «Жаңару» РҚБ бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді.
Интерактив студенттердің сандық және құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етті, интернеттегі қауіпсіздік пен өз сандық беделіне жауапты қарау әрбір адамның маңызды міндеті екенін еске салды.