20 ақпанда университетте «ЖАҢАРУ» РҚБ іс-шаралар жоспары аясында «Заң маршруты» квесті өткізілді. Ұйымдастырушы ретінде ҚарИУ-дың комплаенс-офицері студенттер үшін «Құқықтар», «Міндеттер», «Қауіпсіздік», «Этика», «Құқықтық тұзақтар» атты интерактивті станцияларды дайындады.
Квест білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға
және адалдық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Станциялардан өту барысында
қатысушылар ойын форматында шынайы өмірлік жағдайларды талдап, өз құқықтары мен
міндеттерін ажыратуды үйренді, ықтимал құқықтық тәуекелдерді сараптап, оларды
заңды жолмен шешу тәсілдерін тапты.
Академиялық адалдық, этика нормаларын сақтау және
комплаенс қағидаттарын ұстану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мұндай
формат студенттердің білімін тексеріп қана қоймай, сыни ойлауын,
жауапкершілігін және шешім қабылдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Квест өткізу жастар арасында заңға құрметті, жеке
жауапкершілікті түсінуді және оқу мен болашақ кәсіби қызметте құқықтық
нормаларды сақтаудың маңыздылығын қалыптастыруға ықпал етеді.
Фотогалерея