2026 жылғы 8 сәуірде Қарағанды индустриалдық университетінде профессор-оқытушылар құрамына арналған «ППС үшін халықаралық мүмкіндіктер: тағылымдамалар, алмасулар және ғылыми ынтымақтастық» тақырыбында мастер-класс өтті. Іс-шараны Стратегия және интернационалдандыру департаменті ұйымдастырды.
Қатысушыларға «Болашақ», Erasmus+, DAAD, Fulbright сияқты негізгі қазақстандық және халықаралық бағдарламалар, сондай-ақ Horizon Europe және COST Actions аясында қатысу мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар құжаттарды дайындау, серіктестерді іздеу және бағдарламаларға қатысуды жоспарлау сияқты практикалық қадамдарға ерекше назар аударылды.
Фотогалерея
Поделиться: