Қарағанды индустриялық университетінде «Металлургия және материалтану» кафедрасының әдістемелік апталығы өтуде (16–20 ақпан 2026 ж.). Ашылу рәсімі негізгі корпус кітапханасында студенттерге арналған оқу-әдістемелік көрме және интерактивті квест форматында ұйымдастырылды.
Бірінші күн кітапхана кіреберісіндегі интеллектуалды жұмбақтардан басталды:
командалар «білімге апаратын есікті ашып», сұрақтарға жауап беріп, ойын мен
зерттеу атмосферасына еніп жұмыс істеді. Кейін қатысушылар КАБИС электрондық
каталогын меңгеріп, әдебиеттерді кілт сөздер мен автор бойынша іздеуді үйренді,
УДК жүйесін түсініп, кітапхана сөрелерінде дұрыс бағдарлануды игерді.
Арнайы қызығушылық тудырған кезең – жасырын хабарламаларды іздеу:
студенттер белгілі бір кітаптарды тауып, ішінен ұсынылған нұсқауларды жинап,
командалық жалпы схеманы құрастыруы керек болды. Бұл тапсырмаларды орындау
барысында олар библиографиялық сипаттаманы дұрыс рәсімдеу және УДК таңдау
дағдыларын бекітті – бұл реферат, курстық және дипломдық жұмыстар дайындауда
маңызды құзыреттер болып саналады. Күн IPR SMART электрондық кітапханасымен
танысу арқылы аяқталды, ол қазіргі заманғы ғылыми ресурстарға қолжетімділікті
кеңейтеді.
Рефлексия нәтижесінде қатысушылар каталог пен УДК жүйесінде жақсырақ
бағдарлануды, әдебиеттер тізімін сенімдірек рәсімдеуді үйренгендерін және квест
форматы кітапханамен жұмыс жасауды қызықты әрі түсінікті еткенін атап өтті.
Апталық барысында кітапханада «Металлургия және материалтану» кафедрасының
оқу-әдістемелік әдебиеттер көрмесі жұмыс істейді.
Кафедра іс-шараны ұйымдастыруға көмектескен Қарағанды индустриялық
университеті кітапхана қызметкерлеріне және студенттерді белсенді қолдап
қатысқан докторанттар Булекова Г., Айкенбаева Н., Монголхан О. және Рахманова
М.-ға алғысын білдіреді.
Фотогалерея