«Тұрақты болашақ: Digital & AI» халықаралық студенттік жобалар конкурсы

Қарағанды индустриялық университетінде «Тұрақты болашақ: Digital & AI» халықаралық студенттік жобалар байқауына өтінім қабылдау басталды. Байқау Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы және Erasmus+ бағдарламасының GDCAU халықаралық жобасы аясында өткізіледі.

Байқаудың мақсаты — тұрақты даму міндеттерін шешу үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қолданылатын студенттік жобаларды қолдау. Пысықталған идеядан дайын өнімге дейінгі әртүрлі әзірлеу кезеңіндегі жобалар қабылданады.

Байқауға жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады. Өтінімді жеке немесе үш адамға дейінгі команда құрамында беруге болады. Әр жобаның жоғары оқу орнының оқытушылары немесе ғылыми қызметкерлері арасынан жетекшісі болуы міндетті. Қатысу тегін.

Өтінімдер 2026 жылғы 20 қарашаға дейін қабылданады. Сырттай іріктеу қорытындысы бойынша қатысушылар финалға шақырылады. Финал 2026 жылғы 1 желтоқсанда Қарағанды индустриялық университетінде аралас форматта өтеді. Басқа қалалар мен елдерден келген қатысушылар өз жобаларын онлайн таныстыра алады.


Тіркелу нысаны: https://forms.gle/uBfkWEzTpUgJpcZW7

Жоба сипаттамасының үлгісі: https://docs.google.com/document/d/185GiLiZnkhvwR7PLBeGtzZLG9QGQNZa4/edit?usp=sharing&ouid=103393252637682044462&rtpof=true&sd=true 

Байқау ережесі — қоса берілген құжатта. https://tttu.edu.kz/static/uploads/files/20261106054907_Sustainable_future_Digital_and_AI_2026_kaz.pdf