ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫНЫҢ РӨЛІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ҚАРИУ-ДА ӨТЕДІ

2026 жылғы 25–26 қыркүйекте Қарағанды индустриялық университетінде «Университет қызметіндегі жастар бастамаларының рөлі: халықаралық тәжірибе, заманауи тәсіл және жергілікті практикалар» атты Халықаралық дөңгелек үстел өтеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының қамқорлығымен ұйымдастырылған іс-шара академиялық қоғамдастық өкілдерін, шетелдік ғалымдарды, университет сарапшыларын және жастарды біріктіреді.

Қатысушылар студенттік көшбасшылықты дамыту, жас зерттеушілерді университет жобаларына тарту, халықаралық ынтымақтастық және жастар бастамаларын қолдаудың заманауи тетіктерін талқылайды.

Дөңгелек үстел жұмысына Xi’an Jiaotong-Liverpool University, Incheon National University, Жапон геотехникалық қауымдастығы, University Tun Hussein Onn Malaysia және AGH University өкілдері қатысады.

Халықаралық кездесу тәжірибе алмасу, табысты практикалармен танысу және қазіргі заманғы университеттің дамуындағы жастардың рөлін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа шешімдерді іздеу алаңына айналады.