18 наурыз күні Қарағанды индустриялық университетінде «Жастар және AMANAT партиясы: болашаққа бірге» тақырыбында диалог алаңы өтті. Кездесуге студенттер мен студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілдері қатысты.
Іс-шара жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі
республикалық референдумның қорытындыларын талқылауға арналды. Ашық диалог
форматында жастар өз пікірлерімен алмасып, өзекті сұрақтарын қойып, елдің одан
әрі дамуына қатысты көзқарастарын білдіруге мүмкіндік алды.
Талқылау барысында қатысушылар өткен референдумның саяси
жаңғырудың маңызды кезеңі екенін атап өтті. Студенттер Конституциядағы
өзгерістер демократиялық қағидаттарды нығайтуға, азаматтардың құқықтарын
кеңейтуге және азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыруға бағытталғанын
ерекше айтты.
Реформаларды жүзеге асырудағы жастардың рөліне де ерекше
назар аударылды. Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілдері жастардың
белсенді азаматтық ұстанымы оң өзгерістердің қозғаушы күші екенін атап өтті.
Осы тұрғыда бастамаларды қолдау және жастарды қоғамдық-саяси өмірге тарту алаңы
ретінде AMANAT партиясымен өзара іс-қимылдың маңыздылығы айтылды.
Диалог алаңы конструктивті пікір алмасу мен өзара құрмет
жағдайында өтті. Қатысушылар мемлекеттің, қоғамның және жастардың бірлескен
күш-жігері арқылы ғана Қазақстанның тұрақты әрі өркендеген болашағын құруға
болатыны туралы қорытындыға келді.
Photo Gallery