18 қыркүйекте Қарағанды
индустриялық университетінің студенттері академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде өткен «Жастар — Заң мен Тәртіптің
тірегі» — «Молодёжь — опора Закона и порядка» жастар форумына қатысты.
ҚарИУ студенттерінің бір
тобы іс-шараға офлайн форматта қатысты, ал қалған ниет білдірушілер форумға
онлайн форматта қосылып, оның жұмысын тікелей трансляция барысында бақылады.
Форум жастардың құқықтық
сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға, құқық
бұзушылықтардың алдын алуға және белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға
бағытталды.
Қатысушылар алдында
мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының, қоғамдық ұйымдар мен
жастар бірлестіктерінің өкілдері сөз сөйледі. Есірткі қылмыстарының алдын
алуға, сондай-ақ олардың құқықтық және әлеуметтік салдарына ерекше назар
аударылды. Бағдарлама аясында тақырыптық бейнероликтер мен «Өзіңнен баста»
жобасы таныстырылып, ашық диалог және панельдік сессиялар өткізілді.
Форумға қатысу ҚарИУ
студенттеріне маңызды ақпарат алуға, сарапшыларға сұрақтар қоюға және заңдылық
пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудағы жастардың рөлін талқылауға мүмкіндік
берді.
Фотогалерея