Coursera
платформасындағы қазақстандық онлайн-курстар топтамасы Қарағанды индустриялық
университетінің «Аналитикалық химия негіздері» атты авторлық курсымен толықты.
Курс қазақ тілінде ұсынылған.
Ол
аналитикалық химияны енді ғана оқи бастағандарға арналған. Тыңдаушылар осы
ғылымның негізгі ұғымдары мен міндеттерімен, талдау әдістерімен, ерітінділердің
құрамымен және химиялық тепе-теңдік заңдылықтарымен танысады. Алынған білім
заттардың құрамы мен қасиеттерін қалай анықтайтынын және ерітінділерде қандай
процестер жүретінін түсінуге көмектеседі.
Теориялық
материал қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіріледі. Курста күнделікті
өмірден, табиғаттан, биологиялық жүйелерден және өндірістен алынған мысалдар
пайдаланылады, ал есептерді шығару кезең-кезеңімен талданады. Мұндай тәсіл
формулаларды жай ғана жаттап алуға емес, химиялық құбылыстар мен заңдылықтар арасындағы
байланысты түсінуге көмектеседі.
Курсты
аяқтағаннан кейін тыңдаушылар негізгі талдау әдістерін ажырата алады,
ерітінділерге қатысты есептеулерді орындайды және химиялық процестерді
тепе-теңдік тұрғысынан қарастырады. Курс бейіндік пәндерді одан әрі зерделеуге
және кәсіби білімді тереңдетуге жақсы негіз болады.
Курс
авторы мен Қарағанды индустриялық университетінің командасын халықаралық білім
беру платформасында жариялануымен құттықтаймыз!
КарИУ
Coursera жобасының серіктесі — Bilim UpSkill компаниясына курсты дайындау және
жариялау кезінде консультациялық және техникалық қолдау көрсеткені үшін алғыс
білдіреді.
Фотогалерея