«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ» ЖАҢА МАУСЫМЫ КАРИУ-ДЕ БАСТАЛДЫ

2 қарашада КарИУ-де «Күміс университетінің» кезекті маусымы басталды. Жоба жаңа білім алуға және заманауи технологияларды меңгеруге ниетті Теміртау қаласының 50 жастан асқан тұрғындарын біріктірді.

Осы маусымда тыңдаушыларға жеті бағыт ұсынылды: компьютерлік және қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлік негіздері, шахмат, жасы алтын әйелдерге арналған фитнес, «Ұрпақтар көпірі» ата-аналар академиясы және фламенко.

Сабақтарда қатысушылар смартфондарды, компьютерлерді және мобильді қосымшаларды сенімдірек пайдалануды үйренеді, онлайн-банкинг пен қауіпсіз сауда жасау жолдарын меңгереді, жасанды интеллект мүмкіндіктерімен танысады.

Оқу тегін және 5 желтоқсанға дейін жалғасады. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға атаулы сертификаттар беріледі.

«Күміс университеті» КарИУ-де 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Мұнда емтихандар мен бағалар жоқ — тек пайдалы білім, жаңа таныстықтар, қарым-қатынас және қабілеттерді ашу мүмкіндігі бар.

Қатысушыларға қызықты сабақтар, жарқын әсерлер мен жаңа жаңалықтар тілейміз!