28 қыркүйекте Қарағанды индустриялық университетінде жаңа оқу жылындағы
Директорлар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Кездесуді Директорлар кеңесінің
төрағасы Жасұлан Құдайбергенұлы Шаймарданов жүргізді.
Отырысқа қатысушылар университеттің күнделікті қызметіне тікелей әсер
ететін мәселелерді: ішкі процестерді ұйымдастыруды, басқару тиімділігін
арттыруды және КарИУ-ды одан әрі дамытуды талқылады.
Университеттің Жалғыз акционері — Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары
білім министрлігі қойған міндеттер де жеке қарастырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша университеттің барлық бөлімшелерінің үйлесімді
жұмысын қамтамасыз етуге және белгіленген жоспарларды одан әрі іске асыруға
бағытталған шешімдер қабылданды.
Жаңа оқу жылындағы Директорлар кеңесінің алғашқы отырысы КарИУ алдында
тұрған негізгі міндеттерді жүзеге асыру жұмысының бастамасы болды. Негізгі
назар нәтижеге жауапкершілікке, жұмыстағы ашықтыққа және университеттің дәйекті
дамуына аударылды.
Фотогалерея