ЗАҢ, ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ СЕНІМ ТУРАЛЫ

20 қарашада КарИУ-де «Заң. Қорғаныс. Жауапкершілік. Сенім» атты профилактикалық кездесу өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы студенттердің құқықтық сауаттылығы, олардың құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері болды.

Теміртау қаласының прокуроры Елеусін Мұхамеджан құқыққа қайшы әрекеттердің құқықтық салдары және қабылданған шешімдер үшін жеке жауапкершілік туралы айтып берді. КарИУ омбудсмені Гүлдана Даирбекова студенттер өз құқықтарын қорғау үшін қандай тетіктерді пайдалана алатынын және қолдау алу үшін қайда жүгіну керектігін түсіндірді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жетекшісі Самал Ибрагимова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы адалдық, әділдік және жеке жауапкершілік қағидаттарына тоқталды. Психологиялық қызметтің жетекшісі Анжелика Ярута сенім, психологиялық қауіпсіздік және тәуекелді мінез-құлықтың алдын алу туралы баяндады.

Спикерлердің сөз сөйлеуінен кейін ашық диалог өтті. Студенттер спикерлерге сұрақ қойып, практикалық ұсынымдар алды.