«Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға конкурс басталғанын хабарлайды.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы білім алушыларға шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында білім алуға, академиялық және кәсіби тәжірибесін кеңейтуге, сондай-ақ тілдік және мәдениетаралық құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
🔹 Конкурсқа қатысуға шақырылады:
бакалавриаттың 1–2 курс білім алушылары
🔹 Қатысу шарттары:
– жақсы академиялық үлгерім;
– оқуға жеткілікті деңгейде шетел тілін меңгеру;
– қабылдаушы университеттің талаптарына сәйкестік.
🔹 Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2026 жылғы «11» наурыздан «11» сәуірге дейін.
Қажетті құжаттар тізімі мен толық ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді https://forms.gle/bpydKDtVNCiJdp4H7
Барлық сұрақтар бойынша интернационалдандыру бөліміне хабарласуға болады:
+7 708 267 8561
+7 701 338 7737
Халықаралық академиялық тәжірибе алып, университет атынан шетелде білім алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!