НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АШЫҚ ӘҢГІМЕ

20 қазанда Қарағанды индустриялық университетінде жастар арасында нашақорлық пен дропперліктің алдын алуға арналған диалог алаңы өтті.

Кездесуге кикбоксингтен Қазақстан Республикасының төрт дүркін чемпионы Денис Самодуров және Теміртау қаласы ПБ ЖПҚБ УПИ полициясының аға лейтенанты Вадим Иманалиев қатысты.

Студенттермен есірткіні қолдану мен таратудың салдары, сондай-ақ осындай қылмыстарға қатысқаны үшін жауапкершілік туралы әңгіме өрбіді. Банктік карталарды, шоттарды және жеке деректерді заңсыз ақша операцияларын жүргізу үшін бөгде адамдарға беруді білдіретін дропперлік мәселесіне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға «оңай табыс» туралы ұсыныстардың қаншалықты қауіпті екені және алаяқтық схемаларға қатысудың қандай ауыр салдарға әкелуі мүмкін екені түсіндірілді.

Денис Самодуров спорттың жастар өміріне қалай әсер ететіні туралы айтып берді. Тұрақты жаттығулар мінезді шыңдайды, тәртіпті дамытады, мақсат қоюға және салауатты өмір салтын таңдауға көмектеседі.

Іс-шара аясында «Не книжные закладки» фильмін көру де ұйымдастырылды. Фильм есірткінің қандай қауіп төндіретінін және ойланбай жасалған бір қадамның өзі қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін көрсетті.