Қарағанды индустриялық университетінің Дене шынықтыру кафедрасы Теміртау қаласының Дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп, 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай Теміртау қаласының жастары арасында стритболдан қала біріншілігін өткізді.
Турнирдің мақсаты:
• салауатты өмір салтын насихаттау;
• оқушы жастар арасында баскетболды кеңінен танымал ету;
• Теміртау қаласының мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында
кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу.
Жарысқа қала мектептерінің оқушылары мен Теміртау колледждерінің
студенттері қатысты. Жалпы турнирге 8 команда қатысты.
🏆 Жарыс қорытындысы:
🥇 1 орын — Қарағанды индустриялық университетінің «Ретро» командасы
🥈 2 орын — №20 мектеп командасы
🥉 3 орын — Қарағанды индустриялық университетінің командасы
⭐ Турнирдің
үздік ойыншысы — Алидодова Фируза.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы уақытта да спорттық
жетістіктерге жетіп, жаңа белестерді бағындырып, жарқын жеңістерге жете
берулеріңізге тілектеспіз! 🏆