🏀 Теміртау қаласының жастары арасында стритболдан қала біріншілігі

Қарағанды индустриялық университетінің Дене шынықтыру кафедрасы Теміртау қаласының Дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп, 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай Теміртау қаласының жастары арасында стритболдан қала біріншілігін өткізді.

 

Турнирдің мақсаты:

• салауатты өмір салтын насихаттау;

• оқушы жастар арасында баскетболды кеңінен танымал ету;

• Теміртау қаласының мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу.

 

Жарысқа қала мектептерінің оқушылары мен Теміртау колледждерінің студенттері қатысты. Жалпы турнирге 8 команда қатысты.

 

🏆 Жарыс қорытындысы:

🥇 1 орын — Қарағанды индустриялық университетінің «Ретро» командасы

🥈 2 орын — №20 мектеп командасы

🥉 3 орын — Қарағанды индустриялық университетінің командасы

 

Турнирдің үздік ойыншысы — Алидодова Фируза.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы уақытта да спорттық жетістіктерге жетіп, жаңа белестерді бағындырып, жарқын жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспіз! 🏆