ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсеткен мектеп түлектері Қарағанды индустриялық университетіндегі Нариман Қуанышғалиұлы Ишмұхамедов атындағы атаулы грантқа үміткер бола алады.
Бағдарлама дарынды
студенттерді қолдауға, жоғары білімге қолжетімділікті кеңейтуге, академиялық
үлгерімді арттыруға және өңірдің басым салалары үшін сұранысқа ие мамандар
даярлауға бағытталған.
Конкурсқа ҰБТ нәтижесі 75
балдан жоғары күндізгі оқу нысанына түсетін талапкерлер, сондай-ақ GPA
көрсеткіші 3,0-ден төмен емес студенттер қатыса алады. Теміртау қаласынан, жақын маңдағы елді мекендерден және Қарағанды облысынан үміткерлерге ерекше назар аударылады.
Грантты тағайындау кезінде
металлургия, автоматтандыру, энергетика және бизнес экономикасы салаларындағы
білім беру бағдарламаларына түсетін талапкерлерге басымдық беріледі.
Аталған грант мемлекеттік
білім беру гранты болып табылмайды және демеушінің қаражаты есебінен ұсынылатын
мемлекеттік емес мақсатты білім беру қолдауының бір түрі болып табылады. Сонымен қатар, грант иегеріне ай
сайын 150 000 теңге көлемінде стипендиялық төлем тағайындалады.
Қарағанды индустриялық
университетіне оқуға түсіп, Нариман Қуанышғалиұлы Ишмұхамедов атындағы гранттың
иегері атаныңыз!
Болашағы зор мамандықты
таңдап, қабілетіңізді дамытып, Қарағанды индустриялық университетімен бірге
табысты болашағыңызды құрыңыз!
Photo Gallery