ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ «КОРПОРАТИВТІК МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ – 2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

2026 жылғы 4 шілдеде Қызылорда қаласында «Корпоративтік менеджмент және цифрлық трансформация – 2026» республикалық форумы өтті. Форум Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Қарағанды индустриялық университеті атынан форум жұмысына Ішкі аудит қызметінің жетекшісі Абенова Майра Хомаровна және Корпоративтік хатшы Жаслан Рымгүл Қуатқызы қатысты.

Форумға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, директорлар кеңесінің мүшелері, корпоративтік хатшылар, ішкі аудит қызметтерінің басшылары, комплаенс-офицерлер, сондай-ақ корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және цифрлық трансформация саласындағы жетекші сарапшылар қатысты.

Форумның салтанатты ашылуында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Наурызбай Байкадамов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері және Орталық Азия корпоративтік хатшылар қауымдастығының атқарушы директоры Жардем Құрманғазиев құттықтау сөз сөйледі.

Пленарлық мәжілісте корпоративтік басқару мен цифрлық трансформацияның өзекті мәселелері талқыланды. Баяндамашылар қатарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Директорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Әбіл, Орталық Азия корпоративтік хатшылар қауымдастығының атқарушы директоры Жардем Құрманғазиев, ҚР Атом энергиясы агенттігі төрағасының кеңесшісі Дәурен Ақшалов, Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту қауымдастығы төрағасының орынбасары Анар Төлеубаева, ICFM UK Kazakhstan өкілі Маржан Садықова, TechnoWomen ұйымының басқарма төрағасы Азиза Шүжеева, еңбек қатынастары жөніндегі сарапшы Арна Құсайынова, ESG және тәуекелдерді басқару саласының сарапшысы Нұрсейіт Торғын және басқа да жетекші мамандар болды.

Форум барысында жоғары оқу орындарындағы корпоративтік басқаруды жетілдіру, ішкі аудит пен тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдері, комплаенс жүйесін дамыту, жасанды интеллектті енгізу, цифрлық қауіпсіздік пен басқару процестерін цифрландыру мәселелері кеңінен талқыланды. Іс-шара тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және жоғары білім беру ұйымдарында заманауи басқару тәжірибелерін енгізуге мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.