2025 жылғы 14 мамырда Қарағанды индустриялық университетінде «Жобалық оқыту және халықаралық тәжірибедегі қорытынды бағалау жүйесі» тақырыбы аясында студенттік жобаларды тыңдау өтті.
Қос дипломды білім беру шеңберінде «Өнеркәсіптік объектілерді энергиямен қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша «Жобалық оқыту» және «Электртехникалық материалтану» пәндері аясында ЭПО-25 тобының студенттері электр энергетикасының негіздері мен заманауи электротехникалық материалдар бойынша топтық жобаларын ұсынды.
Жобаларды қорғау «Энергетика» және «Жасанды интеллект технологиялары» кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері алдында өтті.
Бағалаудың бұл форматы халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді және командалық жұмыс, аналитикалық ойлау, презентация жасау дағдыларын, сондай-ақ алған білімді тәжірибеде қолдану қабілетін дамытуға ықпал етеді.
Іс-шара қатысушылардың қызығушылығын тудырып, белсенді талқылауға және оң пікірлерге ие болды.
Фотогалерея