«Интернет-алаяқтық пен бопсалаудың алдын алу, желідегі жауапкершілік пен қауіпсіздік»

26 наурыз күні университетте «Интернет-алаяқтық пен бопсалаудың алдын алу, желідегі жауапкершілік пен қауіпсіздік» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға құқық қорғау органдарының қызметкері қатысып, интернет-алаяқтықтың ең кең таралған түрлері, әлеуметтік инженерия әдістері және онлайн-бопсалау қауіптері туралы жан-жақты ақпарат берді.

Студенттер күмәнді хабарламалар мен сайттарды қалай тануға болатынын, қандай әрекеттер жеке деректердің таралуына әкелуі мүмкін екенін, сондай-ақ алаяқтармен немесе бопсалаушылармен кездескен жағдайда қалай әрекет ету керектігін білді.

Сонымен қатар, жалған ақпарат тарату, алаяқтық схемаларға қатысу және желідегі қауіпсіздік ережелерін бұзу үшін заңдық жауапкершілік мәселесіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар тақырыпқа қатысты бейнероликтерді тамашалап, интернеттегі нақты қауіптер мен қорғану тәсілдерін көрнекі түрде танысты.

Семинар студенттердің цифрлық және құқықтық сауаттылығын арттырып, интернеттегі қауіпсіздік — әр адамның жеке жауапкершілігі екенін тағы бір мәрте еске салды.