«Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ-да университет қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша дайындалған аналитикалық анықтаманы қарауға арналған жұмыс тобының отырысы өтті.
Отырыс барысында жұмыс тобының мүшелері университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және бағалау мақсатында жүргізілген ішкі талдаудың қорытындыларын қарастырды. Ерекше назар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларға, сондай-ақ ішкі рәсімдер мен бақылау тетіктерін жетілдіру мәселелеріне аударылды.
Отырысқа қатысушылар анықталған тәуекелдерді, оларды жою жөніндегі ұсыныстарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды талқылады. Талқылау қорытындысы бойынша жұмыс тобы университеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған тиісті ұсынымдар мен ұсыныстар әзірледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізу және оның нәтижелерін жұмыс тобының қарауы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алудың, университет қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етудің, сондай-ақ адалдық мәдениетін қалыптастырудың маңызды құралдары болып табылады.
Photo Gallery