«ҰРПАҚТАН ҰРПАҚҚА: ОТБАСЫ — ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ НЕГІЗІ» — ҚАРАИУ-ДЕ ШАҢЫРАҚ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

17 наурызда «Шаңырақ күні» — отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы институтын нығайту және ұрпақ сабақтастығын сақтау мақсатында Қарағанды индустриялық университетінде «Ұрпақтан ұрпаққа: отбасы — құндылықтардың негізі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара жастарды моральдық тұрғыда тәрбиелеу, отбасының рухани және мәдени бағдарларды қалыптастырудағы рөлі, сондай-ақ дәстүрлер мен отбасылық құндылықтардың қазіргі қоғамдағы маңыздылығына арналды. Қатысушылар тәжірибе мен құндылықтарды үлкен ұрпақтан кішіге жеткізудің, ата-аналар мен үлкендерді құрметтеудің, сондай-ақ отбасы байланыстарын нығайту арқылы үйлесімді әрі тұрақты қоғам қалыптастырудың маңыздылығын талқылады.

Дөңгелек үстел барысында ұрпақ сабақтастығы және отбасының жеке тұлғаны, дүниетанымды және жастардың моральдық бағдарларын қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды. Қатысушылар отбасында жауапкершілік, өзара құрмет, қолдау көрсету және патриотизмнің негізі қаланатынын атап өтті.

Іс-шара спикері ретінде Теміртау қаласының «Жастар Ассамблеясы» жастар қанатының үйлестірушісі Валентина Павлик сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол ұлттық дәстүрлерді сақтау, отбасылық құндылықтарды нығайту және жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуының маңыздылығын ерекше атап өтті.

Дөңгелек үстел өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мәселелеріне ашық диалог жүргізу және ой-пікір алмасу алаңы болды. Мұндай іс-шаралар жастарда отбасылық дәстүрге құрмет сезімін қалыптастыруға, ұрпақтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға және отбасының рухани құндылықтар, бірлік және тұрақты дамудың негізі екенін түсінуге ықпал етеді.