Университетте жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттауға бағытталған бірден екі эко-шара ұйымдастырылды.
Алғаш болып Теміртау қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық инспектор — Сабит Жұмабаевич Ұзақбаевтың қатысуымен эко-сағат өтті. Кездесу барысында ол студенттерге екінші реттік шикізатты қайта өңдеудің маңыздылығы, әр адамның экологиялық жауапкершілігі және қалдықтармен дұрыс жұмыс істеудің табиғи ресурстарды сақтауға қалай көмектесетіні туралы айтып берді. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Экологиялық күннің жалғасы ретінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Эко киіз үй» акциясы өтті. Акция барысында студенттер гипс пен бұрын кесілген ағаштардың бұтақтарынан экологиялық композициялар жасап, табиғи материалдарды қайта пайдаланудың мүмкіндіктерін көрсетті. Безендіру үшін табиғи және қолда бар бояғыштар — зеленка, куркума және басқа да құралдар пайдаланылды, ал композициялардың негізі ретінде қағаз қораптары қолданылды. Бұл да материалдарды қайта пайдаланудың маңыздылығын айқындады.
Осындай іс-шаралар экологиялық сананы, жауапкершілікті және табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыруға ықпал етіп, студенттерді маңызды мақсат — қоршаған ортаны сақтау жолында біріктіреді. 🌱
#ТазаҚазақстан #ЭкоМәдениет #КарИУ #Экология #СтуденттерТабиғатҮшін ♻️