🍃 Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қарағанды индустриялық университеті студенттері Теміртау қаласы №16 экологиялық бағыттағы жалпы білім беретін мектебіне барды.

Кездесудің спикері «Отражение» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Варганова Елена Петровна болды. Іс-шара «Жасыл бұрыштан – жасыл университетке» атты тақырыпта өтті.

Кездесу барысында студенттерге практикалық экологиялық тапсырмалар ұсынылды: пластик түрлерін анықтау, оны кәдеге жарату тәсілдерін талқылау, макулатура жинау және тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау. Бір тапсырмадан екіншісіне өту барысында қатысушылар жаңа білім алып, күнделікті өмірде қолдануға болатын пайдалы дағдыларды меңгерді.

Мұндай интерактивті жұмыс экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және жастардың экологиялық санасының деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Іс-шара соңында қатысушыларға алдағы уақытта Қарағанды индустриялық университетінде жүзеге асырылуы мүмкін бірлескен экологиялық акциялар мен жобаларды талқылап, айқындау ұсынылды. 🌱

 

#ТазаҚазақстан #ЭкоМәдениет #КарИУ #Экология #СтуденттерТабиғатҮшін